Қосбасар
Сүгір
  • Көкем-ай

  • Халық әні
  • (Рабиға Есімжанованың орындауынан)

    Сенің үшін жігіт ем туған баста,
    Мейлі өшір, мейлі өсір мені жаста.

    Қайырмасы:
    Бұраң бел, көкем-ай,
    Қасы, көзі қиылып,
    Қай жерде отыр екен-ай.

    Жақсы жігіт болсам да, жан тең келмес,
    Сүйгенім жоқ дүниеде сенен басқа.
    Қайырмасы.

    Жастық шақта өсірді сүю қызық,
    Сүйгеніңе бірақ та жазбас ризық.
    Қайырмасы.

    Қол жетпеске ұрынып мерт болғанша,
    Оянғанша махаббат қалсын мұздап.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері