Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Көкем-ай

  • Халық әні
  • Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
    Бір өзіңе қалқатай, болдым құмар.
    Бұраң бел, көкем-ай,
    Қасы, көзі қиылып
    Қай жерде отыр екен-ай.

    Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
    Құмарланған көңілім қашан тынар.
    Бұраң бел, көкем-ай,
    Қасы, көзі қиылып
    Қай жерде отыр екен-ай.
    Ел қыдырып іздесем,
    Табар ма екем, көкем-ай.

    Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
    Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!
    Бұраң бел, көкем-ай,
    Қасы, көзі қиылып
    Қай жерде отыр екен-ай.

    Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
    Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай.
    Бұраң бел, көкем-ай,
    Қасы, көзі қиылып
    Қай жерде отыр екен-ай.

  • Категория:

    Халық әндері