Темірбектің төкпесі
  • Топ шеңгел

  • Халық әні
  • Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
    Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
    Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
    Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.

    Қайырмасы:
    Есік алды топ шеңгел,
    Топ шеңгелге келсең кел.
    Топ шеңгелге келуге,
    Өзіңе-өзің сенсең кел.

    Қалам алып хат жаздым тәрбиалап,
    Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
    Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,
    Бұтағың жүрмесін қарға ұялап.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері