Көңіл толқыны
Секен Тұрысбеков
  • Шынар-ай

  • Халық әні
  • Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
    Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.

    Қайырмасы:
    Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
    Қайткенде көңілім тынар-ай.

    Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
    Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.
    Қайырмасы.

    Айналайын қарағым, орта бойлым,
    Сары майдан айырып торта қойдым.
    Қайырмасы.

    Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
    Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.

    Қайырмасы:
    Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
    Қайткенде көңілім тынар-ай.
    Зибаш-ай, қасыңның қара қиғашы-ай.
    Құрбыңды сәулем сыйлашы-ай.

  • Категория:

    Халық әндері