Атадан мұра
Нұрғиса Тілендиев
  • Әсем әнім сырнайдай

  • Халық әні
  • Көзіңнен айналайын, қарақтарым,
    Секілді ақ қазина тамақтарың.
    Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
    Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.

    Қайырмасы:
    Ахау айым,
    Әсем әнім сырнайдай,
    Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
    Тамылжытып ән салмай,
    Күнде думан болмайды-ай.

    Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
    Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
    Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
    Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері