Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Еркем-ай

  • Халық әні
  • Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
    Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

    Қайырмасы:
    Еркем-ай,
    Бүгін болған мерекең
    Болсын тағы ертең-ай.

    Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
    Іздегенмен жаманға табылмаймын.

    Әншілердің серігі домбыра ма,
    Тарта берсең домбыра болдыра ма.

    Домбыраны баппенен қолға алып,
    Шарықтата әнге сал оң бұра да, еркем-ай,
    Бүгінгі күнің тамаша,
    Ертең бұдан көркем-ай, еркем-ай,
    Бүгін болған тамаша,
    Болсын тағы ертең-ай.

  • Категория:

    Халық әндері