-
Ой көк
-
Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Қайырмасы:
Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!
Сол қызды бір көргеннен болдым ғашық,
Сөйлесіп көрісуге көңіл ашық.
Сүймейді сұлу қызды қандай адам,
Тұрғанда туған айдай нұрын шашып!
Қайырмасы. -
Категория:
Халық әндері