-
Ыңғай-ау
-
Күлімдеген көзіңнің жанарынан,
Айдын көлдің ақ бетің ажарындай, ыңғай-ау, өзің де білші жұбай-ау.
Күндіз-түні үйіңнен ат кетпейді,
Орынбор мен Текенің базарындай ыңғай-ау, өзің де білші жұбай-ау.
Мен шыққанда ауылдан бесін еді,
Алма мойын ақ сұр ат есіл еді, ыңғай-ау, өзіңде білші жұбай-ау.
Сен есіме түскенде, беу, қарағым,
Бір жадырап көңілім шешіледі, ыңғай-ау, өзіңде білші, жұбай-ау. -
Категория:
Халық әндері