Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Жаңа жыл кешінде

  • Аппақ бүгін қыр, дала,
    Ақ дастархан жапқандай.
    Халық біткен қарбалаң,
    Қонақ күтіп жатқандай.

    Көңілде көп қуаныш,
    Әрбір көзде жақсы үміт.
    Келер жылға мың алғыс
    Әкелген көп жаңалық.

    Қайырмасы:
    Жаңа жыл құтты болсын, орта толсын,
    Қуаныш бәрімізге ортақ болсын.
    Іске ассын жақсы армандар, тәтті үміттер,
    Тек қана жаңа жылда жақсылық көр!

    Жаңа жылда алдағы,
    Көңіл өссін, кеңейсін.
    Ортақ ойы, арманы,
    Жақсы достар көбейсін.

    Оқ атпасын ешкім де
    Өмір деген тым ыстық.
    Жұмыр жердің үстінде,
    Бұзылмасын тыныштық.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары