-
Жамбыл жастарының вальсі
-
Көркіңді көріп сүйінем,
Жасампаз қала – Жамбылым.
Шырқаған көңіл күйімен
Арналсын әсем ән-жырым.
Қайырмасы:
Қойылған сәтті өзіңе
Жамбыл деп даңқты ұлы есім.
Өмірге дарқан сенің де
Ғажайып қосқан үлесің.
Көркейткен жайсаң жерімді,
Кенім бар бақыт-берекем.
Кенелткен байтақ елімді
Ақ алтын дәнге сол екен.
Қайырмасы:
Сәулетті, сәнді, тұрмысты,
Байлығың шалқар шалқыған.
Ақпейіл, азат, ырысты
Айналдым туған халқымнан.
Алатау менен Қаратау
Тоғысқан жері – тұрағың.
Сімірсем суың шәрбат-ау,
Мөлдіреп ерке бұлағың.
Қайырмасы:
Қанатын жайып жас орман,
Үйлерің өскен жараса,
Жыл өткен сайын жасарған
Жамбылым қандай тамаша! -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары