-
Жайлаукөл кештері
-
Алаулап күн батса қырды асып,
Кетуші ек, қалқатай, сырласып.
Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені,
Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері.
Ай туып, жұлдыздар жанғанда,
Қол созып көктегі арманға.
Жүрген кез жүректен, жүректен қшпеді,
Жақсы еді-ау, дариға, Жайлаукөл кештері.
Мүлгіген тыныштық айнала,
Шу бойы ырғалып жай ғана.
Гүлдерді тербетіп самалдың ескені,
Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері. -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары