-
Ақ ерке
-
Таң шолпаны табыстың қай күні маған,
Жас құшағын жаздым да жайдым саған.
Асқарлы асу Алатау жатыр әне,
Сол асудай арман бол айрылмаған.
Қайырмасы:
Айналайын, алтынайым, жан еркем,
Күнім болшы, күліп шыққан таңертең.
Ай, ай жан еркем,
Көңілімдегі күйдей күтсін бар өлкем.
Жаз еркесі айдынның аққуындай,
Қай күн әкеп берді екен бақты мұндай,
Жанарында жарқ еткен жарқын өмір
Жаңа ғана гүл атқан жастығымдай.
Қайырмасы. -
Категория:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары