Аңсау
Нұрғиса Тілендиев
  • Айт келін

  • Ақ бетіңді езгілеп,
    Бояй көрме, келіншек.
    Етегіңді кескілеп,
    Тонай берме, келіншек.
    Жуа сал деп еденді,
    Жорғалама, келіншек.
    Айналдырма енеңді,
    Қолбалаға, келіншек.

    Қайырмасы:
    Ха-ла-ла-лау, айт келін,
    Ха-ла-ла-лау, тәйт келін.
    Айналдырма енеңді,
    Қолбалаға, келіншек.

    Тайталасып еріңмен,
    Шарап жұтпа, келіншек.
    Дәм кетеді еріннен,
    Бола берсең көңілшек.
    Жалбаң қағып шалпылдап,
    Жайдақтама, келіншек.
    Жасы үлкеннің алдында,
    Тайраңдама, келіншек.
    Қайырмасы.

    Айт, келін-ау, айт, келін!
    Айтатын сөз көп келін.
    Кейбір кесір әйелдің,
    Әдетінен қайт келін.
    Бұзылар деп сымбатың,
    Селтең қақпа, келіншек.
    Сәбиіңді жылатып,
    Сүттен қақпа, келіншек.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары