Көш керуен
Нүрғиса Тілендиев
  • Ақ жайық

  • Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы,
    Көп болды кәусарына қанбағалы.
    Көп болды жас сұлудың демін жұтып,
    Құрбымен қосылып ән салмағалы.

    Қайырмасы:
    Гәккулі мекен,
    Аққулы мекен,
    Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

    Көп болды Ақ Жайыққа беттегелі,
    Көп болды атамекен жет дегелі.
    Көп болды айлы аспанның аясында
    Құрбыммен алтыбақан теппегелі.


    Қайырмасы:
    Дүлдүлді мекен,
    Бұлбұлды мекен,
    Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

    Ақ Жайық, сенің орның ала бөтен.
    Таппадым теңеу іздеп далама тең.
    Өзіңе деген ыстық махаббатты
    Өзіммен бірге көрге ала кетем!

    Қайырмасы:
    Ұранды мекен,
    Қыранды мекен,
    Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары