Қосбасар
Сүгір
  • Туған жер

  • Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
    Анам сенсің, жолдан тайсам ұрсатын.
    Саған қарай ұшып келем, ұшып келем, туған жер,
    Көктем жаққа құстар солай, құстар солай ұшатын.

    Қайырмасы:
    О, туған жер, қадіріңді кім білген,
    Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.
    Сенде өткізген артық екен, артық екен бір күнім,
    Басқа жерде той тойлаған, той тойлаған мың күннен.

    Қайда жүрсем ойлап сені жүремін,
    Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім.
    Саған ғана арқамды мен, арқамды мен сүйедім,
    Саған ғана аяғымды, аяғымды тіредім.
    Қайырмасы.

    Кетсем сенен алысырақ жыраққа,
    Мен өзіңді көрмесем-ақ бір апта.
    Жүдеп қалам, ұқсап қалам, ұқсап қалам сонда мен
    Құяр жерін таба алмаған, таба алмаған бұлаққа.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары