Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Туған ел

  • Байтақ дала – туған жердің,
    Қымбат маған әр тасы.
    Өзен, көлі, самал желі,
    Асқар тауы – баршасы.
    Бақыт нұры құшып мені
    Кең өлкеме тарқашы!
    Алшаң басып еркелеуім,
    Туған елдің арқасы.

    Қайырмасы:
    Отаным, жайнай бер,
    Жазира, жерім, дарқан!
    Еркелеуім сенің арқаң,
    Сенің арқаң, туған ел!

    Аспаныңда мен болайын,
    Ай, жұлдызды шарлаған.
    Еңбегіммен ер болайын,
    Барын саған арнаған.
    Бір өзіңдей кең болайын,
    Бақыт бердің сен маған.
    Қасиетіңнен айналайын,
    Туған елім – кең далам!
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары