Махаббат вальсі
|
|
Lirycs
Таң атқанда гүл бағын суарамын, Күнде ертемен өзеннен су аламын. Алтын сәуле көремін сол бір шақта Сенің нұрың болар деп қуанамын.
Қайырмасы: Жаным деп маған үн қатқан, Жүрекпен сүйіп ұнатқан. Бақытым менің, Таппаспын теңін, Махаббат гүл атқан.
Сағынышпен күтемін әр бір таңды, Жақсы үмітпен арнаймын толқын әнді. Бақытымдай жалт еткен жанарыңнан Ұшқын түсті жаныма өшпес мәңгі. Қайырмасы.
Өзің сүйіп аңсаған ардағыңмын, Өзің едің жұлдызы арманымның. Көгершіндей ұялап көңіліңе, Жүрегіңде табысқан жан жарыңмын. Қайырмасы.
|
Notes
|
Махаббат мұңы
|
|
Lirycs
Көктемнің мынау – көк ала жалау, Көңілде – нала, көңілде – алау. Жетер ем мініп жүйрікке жарау, Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?!
Қайырмасы: Күнімдей көркем, күлім көз еркем, Барады өртеп сағыныш! Сағындым сені-ай, сағындым сені-ай, Сағындым сені-ай, күлім көз еркем!
Жаз болса мынау – жолыңа қарау Көңілім – жадау, көңілім – жамау. Тағдырдың жолы – тоқсан мың тарау, Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?! Қайырмасы.
Күз болса мынау – бұлт болып жылау, Көңілде – сауал, көңілде – сұрау. Сұлуда әлде болмай ма тұрлау?! Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?! Қайырмасы.
Қыс болса мынау – ақ күміс қырау, Көңілде – кірбің, көңілде – қылау. Жаным да азар шықпай-ақ жүр-ау!.. Қайдасың, қайдасың, күлім көз еркем?! Қайырмасы.
|
Notes
|
Махаббат көктемі
|
|
Lirycs
Сағындым мен сонау жылғы көктемді, Сағым жүзген алау гүлді бөктерді. Сағындым мен айнабұлақ басында, Алғаш рет ерініңнен өпкенді.
Қайырмасы: Көктем келді, Көк белдерді Қыдырып бір қайталық. Ғашық болған, Асып, толған, Кезді жыр ғып қайтайық.
Гүлдер жайнап, тапса жанның дауасын, Күндер заулап, көрсетпейді-ау қарасын. Көктем сайын өзің ғана менімен, Алғаш рет кездескендей боласың. Қайырмасы.
Хош дегендей, қаздар қайтып кетеді, Тос дегендей, саздары айқын жетеді. Махаббатты мәңгі көктем деп білем, Жүрек соның жазиралы мекені. Қайырмасы.
|
Notes
|
Маржан қыз
|
|
Lirycs
Асқақтата салғаным жайлау әні, Баққан малым жайлаудың болған сәні. Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым, Менің жазған хатыма жауап кәне?
Қайырмасы: Кездескен күн есімде, Айлы жаздың кешінде. Еске сақта, қалқатай, Айта берем несіне.
Жайлау қандай, жаз қандай, өзім қандай, Көрген адам біздерге таңданғандай. Жалғыз жүріп есіме сен түскенде, Қарсы алдымнан болады шам жанғандай. Қайырмасы.
Кездесіп ек колхоздың айлы түні, Құлағымнан қалқаның кетпейді үні. Шығасың ба алдымнан, шықпайсың ба, Москвадан Жұлдыз ап келген түні?! Қайырмасы.
|
Notes
|
Майданға
|
|
Lirycs
Біздің антымыз Отанға, Жауды жеңу бұл таңда. Ал, алға бас, жолдастар, Жер бетінен фашисті құртуға.
Қас жау халыққа, қанқұмар, Сұр жыландай сұм, шұбар. Сол сұмырайды құртамыз, Ер жауынгер, майданға тартыңдар.
Тиген тып-тыныш елдерге, Гүл жайнаған жерлерге. Қан көксеген жалмауыз, Өзі тиген жойылсын жерлерде.
Жауды күл қылып майданда, Құртып көктен, ойдан да. Бас маршты асқақтай, Абыройлы, намыспен майданға!
|
Notes
|
Маусымжан
|
|
Lirycs
Қыз қосылса теңіне жыламасын, Көздің жасын көл қылып бұламасын.
Қайырмасы: Маусымжан, Маусымжан, Танимын қалқам даусыңнан.
Екі жасты бақытты ете көр деп, Біздер бата берейік сұраған соң. Қайырмасы.
Айналайын қарағым, асыл айнам, Құрбыңызға болар ма тиер пайдаң. Қайырмасы.
Сүйгендіктен мен саған айтар сөзім, Ендігісін жан қалқа өзің ойлан. Қайырмасы.
|
Notes
|
Мұхида-шайбан
|
|
Lirycs
Дүние, өткенің бе, екі келмей, Табаны тарлан боздың гулер желдей. Өлеңді гулет десең, гулетейін, Қоңырдан қой өргізіп, көшкен елдей. Сағындым айнам, сағындым сені.
Өлеңді айт дегенде аял болмас, Жаныңды аялаған алмай қоймас. Алдыңнан бір шығады қиянатың, Дегені бұрынғының залал болмас. Сағындым айнам, Мұхида-Шайбан.
|
Notes
|