Бұлбұл
Дина Нұрпейісова
  • Соқ, барабан

  • Соқ, барабан! Көк танктер қаптасын,
    Қызыл ерлер жауды жеңіп таптасын.
    Соқ, барабан! Күрсілдесін зеңбірек,
    Жаудыр оқты, броневиктер дөңгелек.

    Таста, таста көктен бомба, сұңқарлар,
    Ит фашистер кірерге көр таппасын.
    Қират, қират қызыл ерлер фашисті,
    Ұлы Отанға сендердей күшті ер керек.

    Соқ, барабан! Қаһарлансын қызыл ер,
    Зәресі ұшып үрейленсін Гитлер.
    Ұйпап-жұйпап қызыл ерлер фашисті,
    Алақайлап шын қуансын ел мен жер!

    Соқ, барабан! Фашист сасып шегінсін,
    Шегінсін де, тас-талқан боп жеңілсін.
    Талай елді зар жылатқан жалмауыз,
    Қанқұмар ит Гитлер көрге көмілсін.

  • Category:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары