-
Сен ғана
-
Жайма шуақ көктемнің жасыл күні,
Балбұлақтан естисің мың күлкіні.
Аспан асты бір саған құмартқандай,
Тамылжиды аулақта бұлбұл үні.
Қайырмасы:
Аялап тербеткен,
Сұрашы жер-көктен!
Әлемнің сенде қызығы,
Күннің де сенде қызуы,
Бір өзің аңсарым,
Бір өзің жан жарым!
Сабыр етші, жан сәуле, тыңда тағы,
Сен дегенде тау шыңы тіл қатады.
Ақ қайыңмен сырласып ұзап шықсаң,
Әншіл арман бір сен деп шырқатады.
Қайырмасы.
Кезсем-дағы қай өлке, қай даланы,
Самал желі сені аңсап аймалады.
Махаббаттың көрдің бе құдыретін,
Жердің өзі бір сен деп айналады.
Қайырмасы. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары