-
Сағыныш
-
Гүл шоғы таң нұрымен ашылады,
Арманым, ақ тілегім асығады.
Жанамын от боп лаулап сен дегенде,
Қалауын жүрек қалай жасырады.
Қайырмасы:
Қызғалдақты белестегі,
Терейік бір, қалқажан.
Бақыт ортақ емес пе еді,
Қыз, жігітке, әрқашан.
Көктемнің алаулаған күндерінде,
Аяулым, желек атып гүлдедің бе?
Ән болып асқақтайды сағынышым,
Жырақта жыл құсындай жүргенімде.
Қайырмасы.
Білемін жүрегіңде дастан барын,
Жарасты екі жастың ашқан бағын.
Махаббат бесігінде тербелейік,
Ашайық адал сырды, жасқанбағын.
Қайырмасы. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары