-
Өмірдің бұралаң жолдары
-
Алдамшы сөздермен
Алдампаз көздердің
Арасында,
Тым жалғыз қалдым мен
Тым жалғыз қалдым мен
Нанасың ба?
Бұралаң жолым көп,
Бағымнан сорым көп,
Әйтсе дағы,
Еске алар сен барсың
Еске алар сен барсың
Қазақтың ұмытшақ,
Даласында.
Азайды достарым,
Қуланды қастарым,
Қатал қайғым.
Мақсатым көп еді,
Қиындық бөгеді
Жете алмаймын!
Ақыны болған соң
Жақыны болған соң
Тағдыр солай,
Халқымның мұңынан,
Халқымның мұңынан,
Алыстап ешқайда,
Кете алмаймын. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары