-
Панфиловшылар жыры
-
Отты жылдар өртеді, өтті қан майдан да,
Сыр шерткендей күй болып бүгін қартайғанда.
Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш,
Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.
Гвардия даңқы,
Гвардия анты,
Гвардия анты – жеңуді бізге үйреткен күш,
Гвардия даңқы ту болып, жауды күйреткенбіз.
Жорықтарда оқ жұтқан қандас, достас жанбыз,
Жастық шақпен жас жетпей сонда қоштасқанбыз.
Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған,
Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.
Гвардия даңқы,
Гвардия анты,
Гвардия анты – жау алмас болат, берік қорған,
Гвардия даңқы солдатқа қуат, серік болған.
Өмір жауы айқаста өзі мола тапты,
Тартып алдық ажалдан сені – болашақты.
Гвардия анты – ерлікке шыңдап, солдат жеңген,
Гвардия даңқы – өлмеске мәңгі мандат берген. -
Category:
Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары