-
Қара қаншық
-
(Мекес Төрешовтің орындауынан)
Қоянды шалмай алар қара қаншық,
Сұңқарға жем тілеген болар талшық.
Не келер, ер жігітке нелер кетпес,
Сыртым сау болып жүрмін бауырым балшық.
Жүгірген құмнан құмға құмай тазы,
Жігітті мұңайтады малдың азы.
Жігіттер, малым аз деп мұңаймаңыз,
Бір күні ажал келіп шұнайтады.
Ғ.Құрманғалиев нұсқасындағы екінші шумақ мәтіні:
2. Дүние өте шығар судай парлап,
Кетпейді өтерінде сірә жарлап.
Кешегі қара қаншық бар шағында,
Алаңсыз жүруші едім аңымды аулап. -
Category:
Folk songs