Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Қамажай

  • COM_MUSIC_COMPOSITION_FOLK_SONG
  • Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
    Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай.
    Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
    Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

    Қайырмасы:
    Ахау айдай,
    Қызыл бидай.
    Болғанша жарың жаман,
    О, шіркін, алсын құдай

    Қыз емес, қыздың аты – қызыл өрік,
    Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
    Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
    Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.
    Қайырмасы.

  • Category:

    Folk songs