Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Доссорда шай құяды гүлжан, сара

  • COM_MUSIC_COMPOSITION_FOLK_SONG
  • (Жолдыбай Тұрмағанбетовтың орындауынан)

    Доссорда шай құяды Гүлжан, Сара,
    Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі.
    Жігіттің еш арманы болмас еді,
    Сарадай бола берсе алған жары.

    Атыңнан айналайын Гүлжан, Сара,
    Үйректің сұқсырындай туған дара.
    Өзіңе айтсам деген бір сөзім бар,
    Саражан, асқақтамай бермен қара.

    Гүлжаным, айналайын асыл айым,
    Несіне мінезімді жасырайын.
    Көңіліңді расыменен берсең маған,
    Жем беріп балапандай асырайын.

    Саражан, айналайын асыл айнам,        
    Хабарың бар ма сенің біздің жайдан.
    Құрбы деп көп ішінде сөз айтамын,
    Жан қалқам арғы жағын өзің ойлан.

    Ғарифолла Құрманғалиев орындаған нұсқаның 1-шумағы:

    1. Доссорда шай құяды екен Гүлжансара,      
    Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі.
    Жігіттің еш арманы болмас еді,
    Гүлжандай сұлу болса алған жары.

  • Category:

    Folk songs