-
Дедім-ай, ау
-
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, дедім-ай, ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедім-ай, ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау.
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедім-ай, ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедім-ай, ау.
Қайырмасы. -
Category:
Folk songs