Тұяғы ақтабанның сатырлаған
Мінекей төсін керіп жатыр далам,
Найзағай жарық еткенде жалт қараймын
Қылышың сермелді ау деп батыр бабам,
Есімің ұлы ерлікке шақырғандай
Қанымды тұла бойда сапырғандай,
Қара аспан күркіресе селік етемін
Рухың жасықсың деп ақырғандай.
Неткен сен Ер-Исатай қайраттысың
Халқыңа неткен сабақ айбатты ісің
Әліде тірі жүрген Геккелерге,
Тұрғандай алып тұлғаң қайрап тісің.
Жаралған жоқпедіңдер от жалыннан
Түңілер ел болсаңшы жат жадынан,
Қиқулап қылыш найза ұстау түгіл
Ұстауды ұмыттыңдар ат жалынан.
Кетседе ақын қаптап жаһан бетін,
Өлеңде сендердегі мақам жетім.
Бйік тұр барлығңнан дегендеисің,
Кешегі менің жалғыз Махамбетім.
Ер бабам еңсең зәулім еріксің сен,
Тарих төріндегі терексің сен.
Айбар ғып айбалтадай ұстау үшін,
Қашанда қазағыма керексің сен.