Перронда
|
Әндері
Мен өзіңсіз бір таңды қарсы алмадым, Бір өзіңсіз шырқап не ән салмадым. Халық толған перронда қала бердім, Қоштасудың көтеріп бар салмағын.
Қайырмасы: Сырым бар, жырым бар бір өзіңе арнаған, Сен қайтып, қалқатай, осы жолмен орал маған.
Бірге өткізген көп күндер кетті өзіңмен, Лүпілімен жүректің, от сезіммен. Құрбың кеткен қалада қалу қиын, Көшелерін өзіңмен көп кезіп ем. Қайырмасы.
Қалмаған соң көңілдің басқа амалы, Кірпіктерден асфальтқа жас тамады. Поезд кетіп, қалған жұрт тарағанда, Сағыныштар перроннан басталады. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Шақырады көктем
|
Әндері
Елестеттің көктемді гүл ашқан, Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан. Алыстарға жетеле, еремін, Сені ғана бақыт деп сенемін.
Қайырмасы: Арманымдай алдағы, Ақ шуақтай таңдағы Аялай бер арманым, аялай бер. Сандуғаштар жырлаған Көктемдерге бір барам Шақырады біздерді көгорай бел.
Қолыңды бер, жатсынба, арманым, Сәуледей боп аяла таңдағы. Шақырады жас көктем гүлімен, Шақырады жасыл бақ жырымен. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Кезікпей келген бейне ме ең
|
Әндері
Ардағым ба едің, Арманым ба едің, Кезікпей келген бейне ме ең. Арайлы әсем, Таңдарым менің, Кеш көрдім бе екем дей берем.
Ән болып келдің, Сән-көрік бердің, Қарадым үнсіз ұрланып. Өзіңді қалқам, Таң болып көрдім Кеткендей кеудем нұрланып.
Мөп-мөлдір көзің, Төккен нұр сезім, Лаулатты бойда жалынды. Қалар ем үнсіз, Жетпейді-ау төзім, Өрт шалды, қалқам, жанымды.
Үн қатпай саған, Тыңдатпай тағы ән, Қиялға батам кейде мен. Жанымды қалай, Жырлатпай қалам, Кешіктім бе әлде дей берем.
|
Нотасы
|
Күтем сені күнсайын
|
Әндері
Күте-күте, құрбым, күнде, Күйіп жандым өрт болып. Жол бойында тұрмын міне, Екі көзім төрт болып.
Қайырмасы: Жүзім менің жайраңдаған Жабығады, келмесең. Көру сені – мейрам маған, Қайғырамын, көрмесем! Көру сені – мейрам маған, Қайғылымын, көрмесем!
Сенсің қайғы, бақытым да, Сенсің жұлдыз, айым да! Оралмасаң уақытында, Батамын мен уайымға Қайырмасы.
Құятұғын көңілге нұр Күн де өзіңсің шуақты. Менің үшін бүкіл өмір Сені күту сияқты! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Күткенде
|
Әндері
Ай, жұлдыздан аспанда нұр жанғанда, Қызғалдақ пен бәйшешек гүл жарғанда. Келем деген жеріңде күтіп тұрмын, қалқатай, Күткен қиын сарғайып тұрған жанға.
Күтіп тұрмын өзіңді қайда жүрсің, Әлде маған табылмас арманбысың?! Келесің бе, білмеймін, келмейсің бе, қалқатай? Көрінші бір жарқ етіп, арман құсым.
Куә болсын сан жұлдыз, ашық айым, Бір өзіңде нұр болып шашырайын. Үмітімнің отындай бір көрінші, қалқатай, Күн жайлаған аспандай ашылайын.
|
Нотасы
|
Кім едің сен
|
Әндері
Балғын жүзі албырап алау атқан, Балапандай қанатын жаңа қаққан. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Ақ сәулеге оранып бара жатқан.
Қайырмасы: Аққуымсың, әнбісің Күнде алдымнан шығатын. Алаулаған таңбысың Көз алдымда, Көз алдымда тұратын.
Аққуға ұқсап ойнаған айдын көлде, Орамалың желбіреп таңғы желге. Айдалада абайсыз жолыққандай, Жанарымнан жасқанып қалдың неге? Қайырмасы.
Күнде алдымнан шығасың таң алдында, Ақша бетің албырап алау нұрға. Кім едің сен, қалқам-ау, кім едің сен, Арман үшін, қалқам-ау, жаралдың ба?! Қайырмасы.
|
Нотасы
|