Дариға, сол қыз
|
|
Әннің созі
Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көріп ем ғой армандай қызды... Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Сапырды дауыл, тебіренді теңіз, Тулады толқын, шайқалды шың-құз, Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Оқ тиді келіп, қайратым кеміп, Барамын сөніп, келмейді өлгім! Тұрғандай сол қыз жаныма келіп, Талпына берді, қайран жас көңілім! Барамын сөніп, барамын сөніп, Жұтар ма мені мына сұм соғыс? Арманым бар ма, өлсем бір көріп, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
«Келмейді өлгім, келмейді өлгім, Қайратым қайда, келші осындайда». Дедім де тұрдым, жүгіре бердім, Қолымда найза, шағылып айға... Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым, Күркіреп күндей өтті ғой соғыс. Таба алмай жүрмін, айқалап ән сап, Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
|
Нотасы
|
Дархан дала
|
|
Әннің созі
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Домаланған киіз үй орынына Домналар алаулап кеді бүгін.
Қайырмасы: Ғарыш дала, әлем дала, өткен күнге алаңдама! Қызың қайсар, қызың сұлу, Ұлың батыр, ұлың дана!
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Топырлаған құланның қонысына Темір тұлпар дүрілдеп келді бүгін! Қайырмасы.
Ертегіден кемі жоқ ендігінің, Қызығын бір көрдік жер кеңдігінің. Сайыпқыран самғаған сары жайлауға Зымырандар заулауға кеді бүгін! Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Дос туралы жыр
|
|
Әннің созі
Іздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған. Көріспесек сағыныштан жүдейтін, Кім бар жақын бала күнгі досыңнан.
Қайырмасы: Жан досым, үстем болсын мерейің, Әрқашан жеңісіңді көрейін. Сырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін, Жырымыз да бітпесін.
Қосы бұтағы секілденіп ағаштың, Қатар тұрып гүлімізді сан аштық. Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық, Адассақ та бірге жүріп адастық. Қайырмасы.
Өмір өзі арқамызға жүк салып, Бәрімізді қияларға жұмсады. Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде біз, Қатар жанған екі шамға ұқсадық. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Домбыра туралы баллада
|
|
Әннің созі
Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегімнің, жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі Күмбірлеген домбырасы барында.
Қайырмасы: Бабамыздың мұңысын сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра, Қазағымның жүрегінен жаралған Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Қайырмасы.
Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Дайдидау
|
|
Әннің созі
Хат жаздым қалам алып сізге, еркем, Жүзің бар он төртінші айдай көркем. Есіме сен түскенде, беу қарағым, Қозғайсың қатып қалған іштің дертін.
Шыныңмен менен достым қалғаның ба, Мойныңа айрылысуды алғаның ба? Екеуіміз айрылмастай болып едік, Қайтейін уәдеңнің жалғанына.
|
Нотасы
|
Дедім-ай, ау
|
|
Әннің созі
Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ, Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, дедім-ай, ау. Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедім-ай, ау.
Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау. Өтіп дәурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.
Құлағыңа таққаның күміс сырға, Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедім-ай, ау. Сағыныштан сарғайып шыдам таппай, Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедім-ай, ау. Қайырмасы.
|
Нотасы
|
Доссорда шай құяды гүлжан, сара
|
|
Әннің созі
(Жолдыбай Тұрмағанбетовтың орындауынан)
Доссорда шай құяды Гүлжан, Сара, Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі. Жігіттің еш арманы болмас еді, Сарадай бола берсе алған жары.
Атыңнан айналайын Гүлжан, Сара, Үйректің сұқсырындай туған дара. Өзіңе айтсам деген бір сөзім бар, Саражан, асқақтамай бермен қара.
Гүлжаным, айналайын асыл айым, Несіне мінезімді жасырайын. Көңіліңді расыменен берсең маған, Жем беріп балапандай асырайын.
Саражан, айналайын асыл айнам, Хабарың бар ма сенің біздің жайдан. Құрбы деп көп ішінде сөз айтамын, Жан қалқам арғы жағын өзің ойлан.
Ғарифолла Құрманғалиев орындаған нұсқаның 1-шумағы:
1. Доссорда шай құяды екен Гүлжансара, Гүлжандай бола бермейді жұрттың бәрі. Жігіттің еш арманы болмас еді, Гүлжандай сұлу болса алған жары.
|
Нотасы
|
Дөңасқан
|
|
Әннің созі
(Қайрат Кәкімовтің орындауынан)
Шығады шапқан аттың шаңы аспанға, Құдайым жар бола гөр адасқанған. Даланың дөңдерінен шапқан аттай, Басайын құйқылжыта «Дөңасқанға».
Қай деңгей, мына деңгей, деңгей, деңгей, Бұл көңіл шаба алмайды сірә желмей. Көзіме оттан да ыстық көрінесің, Бұқардың кезі алпыс сом жібегіндей.
|
Нотасы
|