Мен тудым таң нұрында әсем жердің,
Бақыттың бақшасындай әлем көрдім.
Ән шалқып, күйі толқып бұрқап жатқан,
Ақ жайық, қара Ертістен сәлем бердім.
Қайырмасы:
Халқымыз бар әйгілі,
Салтымыз бар әдемі.
Ән боп жетер әр күні,
Қазақстан сәлемі!
Тауында қыран самғап самалдаған,
Жаныңның жаз жайлауын табар саған.
Байлық та, батырлық та мекендеген,
Сәлем ал, өр Алтайдан, Сарыарқадан!
Қайырмасы.
Гүлімін өмір сүйген өрендердің,
Үнімін кең даланың, өлеңші елдің.
Құшақтап бар асылын, алтын күнін,
Алатау, Қаратаудан сәлем бердім!
Қайырмасы.