Ақ жауын
Секен Тұрысбеков
  • Космонавтар

  • Алыс Ай, шалғай Шолпан, шексіз аспан,
    Қозғаған сан қиялды бала жастан.
    Адамзат ғасыр бойы етіп арман,
    Тудырған талай аңыз, талай дастан.

    Қайырмасы:
    Космонавт, қос қанат,
    Самға, самға Марсқа!
    Космонавт, қос қанат,
    Самға, самға алысқа!

    Күн туды көкте қанат қағатұғын,
    Сырына алыс аспан қанатұғын.
    Айналып алтын Айды, күміс Күнді,
    Игеріп космосты да алатұғын.
    Қайырмасы.

    Басталды Байқоңырдан ұлы сапар,
    Аттанды космонавтар қатар-қатар.
    Бір кезде галактика арасында
    Сызылып біздің ерлер ізі жатыр.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары