Ой толғау
Халық күйі
  • Бақыт вальсі

  • Арманым едің бір кез алыстағы,
    Жүрегім тыншымады танысқалы.
    Көңлімді көкке өрлетіп шарықтатқан,
    Бақытым сенсің осы вальстағы.

    Қайырмасы:
    Бар бақытым өзіңде,
    Күлімдеген көзіңде.
    Күнім десең,
    Күлімде сен,
    Үміт беріп сезімге.

    Жаныма ұшқын түсіп келбетіңнен,
    Махаббат бақшасында тербетілгем.
    Өзіңе өмір бойы теңгеретін,
    Таппаспын басқа жанды жер бетінен.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары