Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Әлі есімде

  • Әлі есімде сәулештің тіл қатқаны,
    Сырласумен жазғы таңның атқаны.
    Таудан аққан мөлдір бұлақ сылдыры,
    Ақ қайыңның желмен сыбдыр қаққаны.

    Қайырмасы:
    Әлі есімде, әлі есімде сол бір кез,
    Көз алдымнан кетпей қойды-ау мөлдір көз!

    Әлі есімде бұлтсыз әлем аспаны,
    Арман бізді алға апарып тастады.
    Қара шашың мойыныма оралып,
    Жерге тамған мөлдір көздің жстары.
    Қайырмасы.

    Содан бері өтті, сәулем, талай күн,
    Әлсін-әлсін суретіңе қараймын.
    Тағдыр бізді алыстатты, қоспады,
    Сыры ғой бұл екеуміздей талайдың.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары