Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Өмірде, сірә өкінбен

  • Дәл мұндай күйді,
    Жоқ едім бастан кешірген.
    Ғашықтық жайлы,
    Армандап едім несін мен?
    Жатқандай бейне,
    Жүрегімді ақыл жаныштап,
    Қойдың ғой кетпей есімнен.

    Қайырмасы:
    Өзіңдей жанға,
    Кез болып мынау ғаламда.
    Оянды мендік,
    Бұйығы қиял табанда.
    Оятқан сенсің,
    Ұйқыда жатқан кеудемді,
    Жарқын ой жанды санамда.

    Ғаламат тауға,
    Жіберіп көздің жебесін,
    Көрмегендерге ауылындағы төбе шың.
    Түсінсең болды тек өзің ғана халімді,
    Білмеген жандар не десін.

    Қайырмасы:
    Қорқамын несін,
    Жаңылған жандай есімнен?
    Тағдыр да мынау,
    Екі өзен болып есілген.
    Арманға толы,
    Сенімен өткен күндерге,
    Өмірде, сірә өкінбен.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары