Аққу
Нұрғиса Тілендиев
  • Шаттық жыры

  • Айнала көктем, айнала көктем гүл жарған
    Жұлдыз боп жайнап, жұлдыз боп ойнап, тұрды арман.
    Еседі самал, көшеді бұлттар, ақша бұлт
    Төбесі көкпен таласып тұрған шыңдардан.

    Қайырмасы:
    Шаттанам да күлемін,
    Кеудемнен бұлақ өргендей.
    Шаттанам да күлемін,
    Бақыт кеп қолын бергендей.

    Айналам бау-бақ, қиялым самғап кетті өрге,
    Жетсем-ау деймін көңілден ұшқан көктерге.
    Жетсем-ау деймін ақша бұлт көшкен шыңдарға,
    Жетсем-ау деймін көп күткен мені көктемге.
    Қайырмасы.

    Еркелеп күнге, майысып билеп тұр гүлдер,
    Келсеңші дейді, бала күндегі құрбыңмен.
    Терсеңші дейді, гүлімді менің кең дала,
    Сондықтан, достар, гүл теріп бүгін жүрмін мен.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары