Әлқисса
Нұрғиса Тілендиев
  • Ғарифолланы сағыну

  • Жарқыраған қос жанары айнадай,
    От шашады жалт-жұлт еткен найзағай.
    Шымыр дене ширақ қимыл үйлесіп,
    Қайран қасиет сыртқа теуіп тұрғандай.

    Қайырмасы:
    Сахна сәнін келтірген,
    Шырқай самғай желпінген.
    Асқақ дауыс шарықтап!
    Қас тұлпарша серпілген

    Жарқыраған жарық жұлдыз көктегі,
    Сен кеткелі неше көктем көктеді.
    Құлағымда әнің қалып қойғандай,
    Сағынышым бір өзіңе жетпеді.
    Қайырмасы.

    Арман бар ма атағы бар даңқы бар,
    Ала алмаған қандай қамал асу бар.
    Қазақ халқын бар әлемге танытқан
    Міне осындай Ғарифолла бабам бар.

    Қайырмасы:
    Мұхит әнін дәстүрлі,
    Үйретіпте әр күні.
    Бұзбай ешбір қаймағын,
    Аманаттап тапсырды
    Аманатын бабамның
    Ұрпағына тапсырды.

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары