Қоңыр қаз
Әшімтай
  • Япыр-ай

  • Халық әні
  • Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,
    Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау.
    Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,
    Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.
     
    Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай,
    Ақ сәуле көктен төніп, япыр-ай, маржан тағар-ай.
    Есіме ақ сәулемді алған кезде-ау,
    Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япыр-ай, жерге тамар-ай.

  • Категория:

    Халық әндері