Аңсау
Нұрғиса Тілендиев
  • Назқоңыр

  • Халық әні
  • Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
    Кел десең, неге аяйын аттың терін.
    Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
    Қай жерде отыр екен бұраң белім.

    Базардан алып келген күміс құман,
    Жігітті адастырған қалың тұман.
    Арадан қыл өтпестей тату едік,
    Біздерге қастық қылған қай антұрған.

  • Категория:

    Халық әндері