Көш керуен
Нүрғиса Тілендиев
  • Гүлдарайым

  • Халық әні
  • Ақ көңіл ағызайын әннің майын,
    Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
    Астынан алты қырдың шыққан даусым,
    Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

    Қайырмасы:
    Ахау, Гүлдарайым,
    Күн мен айым.
    Ұшарға қанатым жоқ
    Не ғылайын.

    Жаз шықты жадыратып майдың айын,
    Әніне шырқай кетті Гүлдарайым.
    Шығады ащы даусым әнге бассам,
    Қарағым, сені есіме алған сайын.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері