Он сегіз жасар Балжан қыз
Қазанғап
  • Гауһар тас

  • Халық әні
  • Ажарың ашық екен атқан таңдай,
    Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.
    Анаңнан сені тапқан айналайын,
    Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

    Қайырмасы:
    Беу-беу гауһар тас,
    Құсни, құрдас,
    Раушан жүзің көргенде
    Сәулем-ау, сабырым қалмас.

    Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,
    Шолпандай таң алдында дара туған.
    Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
    Жібекпен қызыл гәріс белін буған.
    Қайырмасы.

    Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
    Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң.
    Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,
    Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.
    Қайырмасы.

  • Категория:

    Халық әндері