Темірбектің төкпесі
  • Туған жер

  • Ардақты асыл мекен атырабым,
    Бағына баурап мені шақырады,
    Кешегі өзім кеткен өркенді өлкем
    Кең жайып бар құшағын жатыр әлі.

    Қайырмасы:
    Ей, туған жер, туған жер,
    Елім қандай, желің қандай, туған жер!
    Кешегі асыр салған дала мекен,
    Есіңде ескірмей бір қалады екен,
    Бір жұтсаң туған жердің самал желін,
    Сусының шөлдегенде қанады екен.

    Көл жатыр көлбей түсіп айнадайын,
    Туған жер, өзің барда қайда уайым.
    Қара орман қайысып бір қол бұлғайды,
    Балқұрақ балаусаңнан айналайын
    Қайырмасы

  • Категория:

    Кеңес және тәуелсіздік кезеңі композиторлары шығармалары