Шашуындай даланың,
Жалтылдайды күміс қар.
Қоңырауындай қаланың,
Сыңғыр-сыңғыр хрусталь.
Қайырмасы:
Тұңғыш балаң туғандай,
Қуанышты күн қандай.
Көтерілсе, желпінсе,
Көңіл қайтер нұрланбай.
«Ақ қайнарлар» бұрқылдап,
Атылғанда аспанға.
Кәриялар қутыңдап,
Қол соғады жастарға.
Қайырмасы.
Туған Отан, халқымыз,
Жырмен бастап жыл басын.
Жеңіс – елдік салтымыз,
Еңбегімен жырласын.
Қайырмасы.