Аққуым аспанда емес, жерде менің,
Үніне тоқсан түрлі тербелемін.
Келгенде шын айтуға, сыр айтуға,
Болып жүрген көктен алыс жер дегені.
Қайырмасы:
Сен жырлайсың гәкку деп,
Мен жырлаймын аққу деп.
Саған ғана құмармын,
Болса-дағы аққу көп.
Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап көл бетінде.
Сол болып түн ұйқымды төрт бөледі,
Оятып таңда бұлбұл, жел де түнде.
Қайырмасы.
Қайтейін, төзем-дағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің естіп бірде,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде!
Қайырмасы.